Жаңаөзенде ұландықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзен қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде 1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс - шараға Жаңаөзен қалалық мәслихат төрағасы төрағасы Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, МО ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ-нің Жаңаөзен қаласындағы өкілі Раушан Алиева, қаладағы өзге ұлт өкілдері қатысып, қонақ болды.
Қаладағы Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде қарагөз қазақтардан бөлек орыс, украин, әзірбайжан, ұйғыр, өзбек ұлттарының да өкілдері қызмет етеді.
Мерекеге орай олар өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, көрме ретінде ұйымдастырды. Шара жергілікті мәдениет үйлері өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерт барысында Жұлдыз Мұханбетқалиқызы әскери бөлім ұжымына естелік сыйлығын табыстады. Шара соңында қатысушылар бейбітшіліктің символына айналған ақ көгершіндер ұшырды.