Жаңа оқу жылында мұнайлылық 3800 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлының айтуынша, қыркүйектен бастап мектептерде 39245 оқушы білім алады, оның ішінде 1-сыныпқа 3892 оқушы барады деп күтілуде. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда өзгеріссіз.
Сондай-ақ, үш ауысымды оқытуды жою бойынша жасалып жатқан шараларды атап өтті.
- Өткен оқу жылында ауданның 5 мектебінде сабақ үш ауысымда өтті. Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округтерінен салынып жатқан 1200 орындық мектептердің құрылысы 2024 жылы аяқталуына байланысты жаңа оқу жылында үш ауысымды мектеп саны 5 болып қалады. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Батыр ауылдық округі Самал шағын ауданынан 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. Маңғыстау ауылы Айрақты тұрғын үй алабынан 960 орындық мектеп құрылысы енді басталады,-деді Батырбек Демократұлы.
Бұдан бөлек, аудандағы оқушы тапшылығын жою, әрі кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында жеке кәсіпкерлерге жекеменшік мектеп ашу бойынша ұсыныстар берілгенін атап өтті. Мәселен, жаңа оқу жылына Атамекен ауылдық округінен 400 орындық жекеменшік «Atameken school» мектебі, Басқұдық ауылында 200 орындық «Нұр-Орда» бастауыш мектебі және Маңғыстау ауылынан 160 орындық «Grant» жекеменшік мектептері ашылады деп жопарлануда.
Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде. Сонымен жекеменшік мектептер саны жаңа оқу жылында 10-ға жетеді.