«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқарма басшысының орынбасары, Маңғыстау облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты Нұрпейіс Сәрсенбай Шебір ауылындағы №179 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Экс-депутат өзгерістер мен жаңаруды қалайтын қоғамғы тың серпіліс, жаңа леп әкеледі деген кандидаттарға дауыс бергенін айтады.
«Бұл – ешқайсысымызды бей-жай қалдырмайтын саяси маңызға ие. Сондықтан тек Маңғыстауды ғана емес, тұтас елді дамуға бастайтын, түрлі деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжілісте жаңа бастамаға түрткі болатын, жаңаша қоғам құруға шама-шарқы жетеді деп топшылаған үміткерлерге дауыс бердім. Қашан да ел азаматтарына тілеулеспіз. Бастысы, үміткерлерлі таңдауда азаматтарымыз арзан ұрандар мен жалаң уәделердің жетегінде кетпесе екен…», - деді Нұрпейіс Мизанбайұлы.
Нұрпейіс Сәрсенбай биылғы саяси додаға түскен жоқ. Оның сөзінше саяси аренадағы тұлғалар жаңарып, халық билігіне жаңа есімдер қосылуы керек.