Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 17 сәуірде Жаңаөзен қаласындағы 2 шағын аудан, 51 үй мекенжайы бойынша орын алған көппәтерлі тұрғын үйдегі жарылыс фактісі бойынша сараптама нәтижелерінің жалғандығы туралы жарияланым таратылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық ТЖ қызметіне сілтеме жасап.
“Сіздерген көрсетілген мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейтініне назар аударамыз. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде бұрын кешенді жарылыс-техникалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша жәбірленуші тараптың өкілдері өз келіспеушіліктерін білдірді.
Осыған байланысты жәбірленуші тарап өкілдерінің дәлелдерін ескере отырып, қайта сараптама тағайындау туралы шешім қабылданды.
Бұл ретте жүргізіліп жатқан жарылыс-техникалық сараптама зерттеудің бірнеше кезеңінен, оның ішінде әртүрлі зертханалық, ғылыми-техникалық зерттеулер кешенінен тұратынын хабарлаймыз.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар, қандай да бір жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз.
Азаматтардан ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз” делінген департамент таратқан хабарламада.