Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкерінің төбелескені, жанжал барысында асхана пышағын қолданғаны жайында ақпарат тарап жатыр.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды. Қызметтен қуылғанның бірі Ақтау қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Отаров.
«Төбелеске асхана пышағы қолданылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті.