ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жалпы режимдегі мекемеге экскурсияға барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шекарашыларға карцер, серуендеуге арналған аула және камералар көрсетілді. Олар қамаудағы тұлғалармен сөйлесуге тыйым салынғандықтан,тек жабық мекемедегі өмірдің ауырлығын сезіне алды.
"Мұндай экскурсиялар сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресудің алдын алу шарасы болып саналады. Бізге әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар және басқа да түрлі құрылымдардың өкілдері келіп отырады. Экскурсия адамдарды қызықтырғанымен, олар бәрін сұрап, жиі қызығушылық танытады, - дейді Маңғыстау облысы ҚАЖД 77 мекемесінің жалпы режим және күзет бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сәкен Жарылғапов.
Айта кететін жайт, қазір аталған тергеу изоляторында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінген 4 адам отыр.