Мұнайлы ауданының тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, биыл 18 шілде күні күдікті одан ұялы телефон сұрап, «Халық банк» мобильдік қосымшасын пайдаланып, 1 017 000 теңге шотынан аударып, 3 млн теңге көлемінде несие алған. Осылайша, жәбірленушіге материалдық шығын мөлшері 4 017 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Бұл факт бойынша полицейлер 25 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Факт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің ЕҚДБ-да тіркелген. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.