Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2011 жылы қаңтарда Құқықтық ақпараттық қызмет құрылды, оның негізгі мақсаты мен міндеті халыққа барлық құқықтық сұрақтар бойынша тегін консультация беру және ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіру болып табылады.
Құқықтық ақпараттық қызмет құқықтық мәселелер бойынша телефон арқылы және Telegram-bot арқылы тәулік бойы тегін консультация береді.
Консультация мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі. Консультация телефон арқылы келесі нөмірлер бойынша беріледі:
Қазақстан бойынша стационарлық телефоннан - 119 нөмірі бойынша (қоңырау тегін).
Барлық телефоннан 8 (7172) 58-00-58нөмірі бойынша (ұялы телефоннан қоңырау мобильді оператордың тарифіне сәйкес жүргізіледі).
Сондай-ақ, 119Kenesbot Telegram-bot арқылы да кеңес алу қолжетімді. Сілтеме: http://t.me/VirtAdiletBot
Маңғыстау облысының әділет департаменті