«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ ескі және суық вагондарды ауыстыруға байланысты тексеріс жүргізбек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, «Маңғыстау-Алматы» жолаушылар пойызының жаңа вагондар құрамына ескі вагон қосылған.
«Қазіргі уақытта жолаушылар пойызы жолда, температуралық режим қалыпты, вагонды рәсімдеу штаттық режимде жұмыс істейді, жолаушылар тарапынан шағым жоқ. Осы факті бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ өңірлік филиалында қызметтік тергеу жүргізілетін болады»,- делінген «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.