© фото egemen.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда мектеп салуға жіберілетін сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сенаттағы журналистердің сұрақтарына жауап берген Премьер-министр сыбайлас жемқорлықтан алынған ақшаның түсуі үшін Қаржы министрлігінің арнайы шоты көзделетінін атап өтті.
"Құқық қорғау органдары бұл жұмысты тиісті шешімі бар сыбайлас жемқорларға да қамтамасыз етеді. Ақша Қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі. Қазірдің өзінде 50 миллиард теңге түсті. Жақын арада бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өседі деп күтеміз. Олар әсіресе тапшылығы бар және үш ауысымды оқыту бар, мектептердің апатты жағдайлары бар өңірлерде қосымша оқушы орындарымен қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен мектептерге қосымша ғимараттар салуға бағытталатын болады", - деп түсіндірді Смайылов.
Қазір Білім министрлігі тиісті құжаттаманы дайындауда. Бұл ретте премьер-министр қаржыландыру бюджетке салынған қаражатқа қосымша жүзеге асырылатынын атап өтті.
Смайылов "Үкіметте сыбайлас жемқорлық қаражаты бойынша қандай да бір көлемді арнайы жоспарлауға ниеті жоқ және түсу фактісі бойынша қаражат бөлінетінін" атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлардан алынған ақша Қазақстанда мектеп салуға бағытталуы тиіс деп тапсырған болатын.