«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды”,- делінген партияның хабарламасында.
Айта кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.
ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына “Аманат” партиясының партиялық тізімі бойынша Самат Базарбайұлы, бірмандатты жүйе бойынша Еділ Терекбайұлы сайланды.