Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына іс-сапары барысында «Бейнеу-Шалқар» тас жолы құрылысының жұмысы өте баяу жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осы ретте ол Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырды.
"Өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтады. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, «Ақтау – Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе» жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек. Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар жергілікті билік өкілдеріне азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет екенін ескертті.