Бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ вагондардағы төменгі орындардың құнын 20 пайызға арттыруды жоспарлап отырғандығын мәлімдеген еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тасымалдаушының ресми сайтында пилоттық жобаның күшін жою туралы хабарлама пайда болды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойызда жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсіл бойынша пилоттық жобаны жойды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін төменгі орындарға билеттер 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін Алматы-Маңғыстау, Алматы-Орал, Алматы - Петропавл, Астана-Шымкент, Алматы-Атырау сияқты бағыттардағы жолаушы пойыздарында 20 пайызға қымбаттайтындығы хабарланған еді.