
24 және 33 жастағы Өзбекстан азаматтары облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер бір науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екі азамат та жалыннан күйіп қалған. 33 жастағы науқас денесінің 65 пайызын, 24 жастағы науқас денесінің 85 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер екі науқасқа да тыныс алу жолдары күйген деген диагноз қойып отыр.
«Екі пациент те жансақтау бөлімінде. Жағдайы әлі де ауыр. Бактерияға қарсы және инфузиялық терапия жүргізіліп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.