Құрметті маңғыстаулықтар!
Баршаңызды еліміздегі шұғылалы мереке - бейбітшілік пен тыныштық, ұлтаралық келісімнің алтын арқауына айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат. Әрбір қазақстандықтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен адалдығы – азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің символы іспетті.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігі – бейбітшілік пен татулық. Еліміздің аумағында 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендесе, оның ішінде Маңғыстау облысында 50-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті, достық қарым-қатынаста өмір кешуде.
«Ынтымақ түбі - игілік, тірлік түбі - бірлік» деген атам қазақ ауызбіршілік нәтижесінде алынбас қамал жоқ екендігін ерте бастан пайымдаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек. Бұл – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті»-деп жалпыұлттық бірлік қуатты мемлекеттің кепілі екенін атап өтті.
Ынтымағымыз жарасып, бейбіт өмірде бақуатты ғұмыр кешіп, ырыс-несібе мен құт-берекеміз молая берсін!
Шаңырақтарыңызға мызғымас бірлік, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев