
Мұнайлы тұрғындары Басқұдық ауылындағы өрт сөндіргіштерді қалпына келтіріп, кейін өрт сөндіргіш ұнтақ қалдықтарын көшеге лақтырып жатқан цех жұмысшыларына шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Назар аударыңыз SOS! Ынтымақ көшесіндегі мына цехта бөлшектеп, кейін өрт сөндіргіштерді қайта қалпына келтіріп жатқан көрінеді. Сонымен қатар ұнтақтың қалдықтары көшеге шашылған. Бұл дем жұту кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін, спазмды, жөтелді және басқа қауіпті салдарды тудыратын заттар. Әрекет жасаңыз! – деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.
Сайт редакциясы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің түсініктемесін күтуде.
Желідегі мәліметтерге сәйкес: өрт сөндіргіш ұнтақтар — ұсақталған әр түрлі қоспалары бар майда минералды тұздар. Өрт сөндіргіш ұнтақтардың негізі ретінде аммоний фосфор тұздары (моно-, диаммоний фосфаттары, аммофос), натрий және калий карбонаты және бикарбонаты, натрий және калий хлоридтері және т.б. бар. Олар жөтел мен шырышты қабықтың тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, ұнтақты тыңайтқыш ретінде пайдалануға немесе қайта өңдеуге жіберуге болады.