
Ақтау қаласы әкімі аппаратының ардагері Ермек Нұрмағамбетова мемлекеттік қызметті бастаған жастарға батасын беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Қала әкімі аппаратының басшысы Асқар Нұржаубай мен жас мемлекеттік қызметшілер ардагерге алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Ермек Нұрмағамбетова Ақтау қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің инспекторы болып жұмыс істейді. Ардагер мемлекеттік қызметші қала әкімі аппаратында 2005 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ермек Баисқызы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс және қала әкімінің құрмет грамоталары, ҚР Тәуілсіздігінің 30 жылдық және Ақтау қаласының мерекелік медальдарімен марапатталған. Еңбек жолында өзінің біліктілігімен ерекшеленген ардагер бүгінде жас мемлекеттік қызметшілерге өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты.
- Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік жүйедегі маңызды механизм. Осының негізінде мемлекеттік басқару ұйымдары құрылады. Бұл салада хаттар мен өтініштерге уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету, тұрғындармен қарым-қатынас орната білу маңызды. Сондықтан ел дамуының жолында жастар тынбай еңбек етуі қажет. 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын! Жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілеймін!, - деді мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ермек Нұрмағамбетова.