Маңғыстаулық велоспортшы Дмитрий Носков халықаралық «Silk Road Namangan» жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24-26 наурыз күндері аралығында Өзбекстанның Наманган қаласында велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында «Silk Road Namangan» халықаралық турнирі өтті. Барлығы 60 шетелдік спортшы және 60 Өзбекстан Республикасының спортшылары қатысты.
Жарыстың 3-күні маңғыстаулық Дмитрий Носков «Выбывание» бағдарламасы бойынша 2-орын иеленді. Осы бағдарламада 1, 3 орынды ресейлік Кирилл Маликов пен Александр Иванов иеленді. Сондай-ақ, Дмитрий Носков «Командная гонка преследования» бағдарламасында 3-орын иеленді.
Аталған турнир Париждегі «АИ-2024-ке» қатысу үшін халықаралық рейтингтік ұпайларды жеңіп алуға мүмкіндік береді.