Атырау қаласында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Спорттық додаға қатысқан маңғыстаулық дзюдошылар командалық есепте екінші орын иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Дзюдодан ересектер арасында өткен ҚР чемпионатында спортшылар командалық және жекелей кезең бойынша бақ сынады.
Маңғыстау облысының дзюдо спорт түрінен аға жаттықтырушысы Айбек Имашевтың айтуынша, ел біріншілігінің командалық кезеңінде Жетісу облысы 1-орын, Маңғыстау құрамасы 2-орын, ал 3-орынды Атырау және Алматы облысының құрамалары иеленді. Командалық кезең 3 салмақ дәрежесінде ерлер және 3 салмақ дәрежесінде әйелдер арасында өтті.
Жекелей жарыста маңғыстаулық спортшылар екі күміс, екі қола медальға ие болды. Атап айтқанда, ерлер арасында 60 келіде Мерей Марханбаев және 66 келіде бақ сынаған Сұңғат Жұбатқан күміс медаль иеленсе, қыздар арасында 52 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Әлмұханбетова және 73 келіде Асқар Нарқұлов қола жүлдеге ие болды.
Дзюдодан ҚР чемпионаты 15-18 қараша аралығында өтті.