
Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Талдау нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы «Emir Oil» ЖШС келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін Энергетика министрлігі салған айыппұлдарды төлемегені анықталған. «Emir Oil» ЖШС-нің 2017-2021 жылдары төлемеген айыппұлының жалпы сомасы 451 млн теңгені құрап отыр.
Бүгінгі күні қадағалау актісін қарау аясында «Emir Oil» ЖШС сомасы 386 млн теңге құрайтын айыппұлдарды төледі.