Дайын өнімдер тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріне жөнелтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының ҚАЖ департаментінің №43 мекемесіндегі сотталғандар осы кәсіппен шұғылданады.
Наубайханада 4 адам жұмыс істейді. Ер адамдар орташа есеппен салмағы 63 келіге жуық қамыр илеп, нан пісіреді. Олардың жұмыс ауысымы таңғы 7-де басталады.
Сотталған Радик Әділгереев орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеу кезінде нан пісіруді үйренді. Қарақшылық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған ол жазасын өтеу барысында жұмысқа кірісті.
"Маманыдығым - қаржыгер, нан пісіремін деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмепті, , бірақ тағдыр осылай бұйырды. Қамырыды күніне 2 рет, таңертең және түстен кейін илейміз. Бізде қамыр мен нан пісірудің арнайы рецепті жоқ, Осы ортада үйретілгендей пісіреміз.Бәріне біздің нан ұнайды, алғыс айтамын", - дейді сотталған Радик Әділгереев.Бостандыққа шыққаннан кейін Радик Әділгереев өзінің наубайханасын ашуды ойластырады.
"Еңбек Ақтау" РМК өндірістік қызметінің негізгі бағыты мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Олар өздерінің талаптарын өтеп қана қоймай, тапқан ақшаларын туыстары мен жақындарына жолдай алады. Өткен жылы 113 адам жұмысқа орналасты.
"Қоныс колониясындағы сотталғандардың жұмыс күні таңғы 8-ден басталып, кешкі 6-ға дейін созылады. Сотталғандар өздерінің еңбектерінің арқасында сот үкімімен шығарылған талап-арызды өтеуге мүмкіндік алады. Біз ерлер мен әйелдерді тек РМК алаңында ғана емес, Ақтау қаласы бойынша басқа да орындарға жұмысқа орналастырамыз. Биыл 118 сотталушы жұмысқа орналастырылды. Олар құрылыс, тігін ісі және басқа да салаларда жұмыс істейді", - деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет капитаны Ербол Асанбаев.
"Еңбек Ақтау" РМК базасында наубайхана цехынан басқа макарон цехы жұмыс істейді. Онда айына бір тоннаға жуық макарон шығарылады. Өндіріске отандық шикізаттар қолданылады. Сонымен қатар, тігін цехы жұмыс істейді, онда қысқы және жазғы киім жиынтықтары тігіледі.