Бейнеудегі жанармай құю бекетінің операторына шабуыл жасағандар сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бейнеу ауданының полиция бөлімі хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осы факті бойынша Бейнеу ауданының полициясы ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізді (адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша тонау). Сот 7 тамызда сағат 05:30 шамасында күдіктілер Бейнеудегі "Жібек жолы" көшесіндегі "Ақ Жұма" газ құю бекетіндегі ғимаратқа заңсыз кіргенін анықтады. Ұйықтап жатқан оператор-қызметкерге күш қолданып, одан 80 800 теңгесі бар сөмкені ұрлап, қашып кетті.
- Сот отырысында күдіктілер қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен әрқайсысына бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Бейнеу ауданының полиция бөлімі.