8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан Республикасы азаматшасы Ресей Федерациясында ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД сілтеме жасап.
16 қараша күні Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының іздестіру тапсырмасы бойынша Ресей Федерациясының Орловск облысында ІІМ-нің "Новосильское" бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізілді. Арнайы операция кезінде Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталды.
«Әйел алаяқтық қылмыс жасады деген айыппен іздеуде болды. Ол 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша алаяқтық жолмен 1 500 000 теңгеге жәбірленушіге банкте кепілде тұрған Мұнайлы ауданы мекенжайы бойынша жер учаскесін сатқан. Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, жәбірленушіге Мұнайлы ауданындағы жер учаскесін жалған құжаттармен 4.500.000 теңгеге сатты», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен 74 жәбірленуші зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын 50 миллион теңгеден асып отыр.
Полиция қызметкерлері күдікті 71 жастағы азаматшаны Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазіргі уақытта аталған іске қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.