Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасындағы олигополия бағыты бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ұсыныстарын енгізді. Осы ұсыныстардың орындалу тетіктері туралы облыс әкімдігінде жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы жұмыссыздық мәселесінен туындайтын әлеуметтік шиеленістер мен толқулардың алдын алу, саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою талқыланды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мұнай-газ саласындағы жұмыссыздық мәселесі бойынша мониторинг жүргізді. Осы салада бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Біз бұл тәуекелдерді жою үшін нақты ұсынымдарды енгіздік. Енді оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету ортақ міндетіміз» деді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.
Бұл мәселе Қоғамдық кеңестің отырысында да қаралған болатын.
Айта кетейік, мұнай-газ саласындағы жұмыссыздық мәселесіне мониторинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы негізінде жүргізілді.