Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚК қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп бір келіден асатын есірткі тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
2022 жылы 2 қараша күні сағат 14:50 шамасында Ақтау қаласының 26 шағын ауданынан 19 жастағы азаматша мен 21 жастағы азамат анықталып, ұсталды.
Жеке тінту барысында жалпы салмағы 1 келіні құрайтын "мефедрон" синтетикалық есірткі затының 1 пакеті тәркіленді. Одан әрі тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде салмағы 52 грамм, "жылдамдық" есірткі затының 42 түйірі тәркіленді.
Еске сала кетейік, Маңғыстау полициясы осыдан бірнеше күн бұрын 2 кг синтетикалық есірткі тәркілеген болатын.
Бұл дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі заттарын өткізу) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.