
Облыс прокуратурасының бастамасымен «Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында кәмелетке толмағандарды ақша жинауға заңсыз тарту фактілері анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының прокуратурасы рейдтік іс-шара барысында кәмелеттік жасқа толмаған «В» есімді азамат науқас балаға көмек үшін «Үміт Жарығы» қоғамдық қорының волонтері ретінде садақа жинаумен айналысқанын анықтады.
Алайда, аталған Қайырымдылық Қор филиалы өңірде тіркелмеген, сондай-ақ оның басшысы қандай да бір растайтын құқықтық құжаттарды ұсына алмады.
«Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес, қайырымдылық ұйымының немесе пайдаланушының пайдасына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде қаражат жинауға қайырымдылықтың еріктісі ғана құқылы.
Бұл ретте, он сегіз жастан асқан адам қайырымдылық волонтері бола алады.
Осылайша рейдтік іс-шаралар нәтижесімен кәмелетке толмағанның ата-анасы ӘҚБтК-нің 449-бабымен, ал оны жұмысқа тартқан азамат осы Кодекстің 128-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.