Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларның алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі жедел-сауықтыру шараларымен қоса «КСЕНОН» жедел-профилактикалық іс-шарасы да өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Жарық шамдарға қатысты талаптарды орындамай, автокөлік құралдарына, өндіруші зауытпен көзделмеген өзге жарық шамдарды (ЛЕД,КСЕНОН) заңсыз орнатқан жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігінде жауапкершілік заңмен көзделген. Жыл басынан бері осындай құқықбұзушылық жасаған 326 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған деректерді анықтау мақсатында ұдайы жұмыс жүргізеді.