
5 қазан күні сағат 20:45 шамасында "Қарасора-2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13 шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Тәркіленген "мефедрон" синтетикалық есірткі затының жалпы салмағы – 200 грамм.
Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын "экстази" есірткі қоймасын көрсетті.
Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм.
Бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді.
Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.