Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер №12 сайлау округі бойынша Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлының сайлауалды бағдарламасы
[ 2023 ] 10 наурыз, 11:03 | Маңғыстау жаңалықтары
Құрметті жерлестер!
Маңғыстау облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде нақты мақсаттардың орындалуына жұмыстанамын:
Халықты жұмыспен қамту үшін үкіметтік жобалардың іске асуына ықпал ету;
Аудандық коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің техникалық жағдайын жақсартуға ықпал етіп, тұрмысттық қатты қалдықтардың жойылуын және қайта өңделуін жүйелестіру;
Ауыз-су мәселерінің жедел шешілуіне жұмыстанып, ауыл ішіндегі кәріз су жүйесін іске қосу;
Ауыл шаруашылығын дамытумен қатар, аудан бойынша өнеркәсіп түрлерін арттыруға жұмыстану;
Ауданда туризм саласын дамыту арқылы қаржыландыруды жолға қою;
Автокөлік арналған тасжолдары қауіпсіздендіру мен ауыл ішіндегі, ауыларалық қоғамдық көліктердің іске қосылуына ықпал ету;
Ауданымыздың кәсіпкерлік бағыты бойынша инвест-жобалардың дамуына ықпал ету.
Ерболат Мырзагелдіұлының сайлау қорының қаражатынан төленді
514
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.