Мен Ешманов Киікбай Жақыпұлы 1977 жылы қаңтар айының 2-де Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1984-1994 жылы Шетпедегі Нұн Жұбаев орта мектебін бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің, Мұнай және газ кенорындарын пайдалану бойынша, тау-кен инженері мамандығын алып, 1999-2000 жылдар аралығында «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай-газ операторы болып еңбек жолымды бастап, мұнай газ шебері, технологі, 2002-2005 жылдарда №2-МГӨБ Технологиялық бөлім бастығы болдым. Өндірістен қол үзбей, 2004-2006 жылдары Қарағандыдағы Е.Букетов атындағы Мемлекеттік университетінде «қаржы бакалавры» мамандығын алдым. 2006-2007 жылы Италияның «Eni» компаниясында оқып, мұнай бизнесі магистрін алдым. 2005-2007 жылдары №3-МГӨБ бас инженері. 2007-2010 жылдар аралығында №2-МГӨБ директоры, 2010-2012 жылдары «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры болып қызмет еттім. 2013 жылдың шілде айында Жаңа технология және индустрия министрлігі, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, Алматыдағы «Арнайы мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын» директоры қызметін атқардым. 2015 жылдың тамыз айынан бастап, бүгінге дейін «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» бас маманы, жетекші инженері, қызмет жетекшісі қызметін атқарып келемін. Сондай-ақ, «AMANAT» облыстық филиалының «Жер аманаты» комиссиясының төрағасымын. 2021 жылы VII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым.
Үйленгенмін, 7 баланың әкесімін.
Құрметті ағайын!
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МАСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ САЙЛАНУЫМА СЕНІМ БІЛДІРСЕҢІЗ, АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМ:
ӨЗІМ САЙЛАУҒА ТҮСІП ОТЫРҒАН АҚТАУ ҚАЛАСЫ, БЕКІТІЛГЕН ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙЫНША :
Жолдарды жөндеу, көшелерді, үй алдарын жарықтандыру.
Жеке пәтер иелері бірлестігінің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындармен бірге әр үй мәселесін шешу.
Қала жолдарын ағымдық жөндеу, 16-17 шағын аудан арасындағы жолды жөндеу, 12-13 шағын аудан арасындағы жөндеу, кеңейту, 18а-18, 20-20а шағын аудан арасына, 16-шағын ауданы арасында «Ақтау» СО-нан 19-шағын ауданға ішімен тіке шығатын жол салу.
Өзіме таныс 12,13-шағын аудан инфрақұрылымын жаңалау, су, жылу мәселесін шешу.
12,13 шағын аудандар бойынша балалар ойын алаңын салу, тұрақ жәй, ішкі жолын жөндеу,№12,13,17,21-мектеп айналасында көліктерге арналған тұрақ жәй жаңадан салу.
16,17,18а-шағын аудандар ішіндегі, арасындағы жолдарды аяқтау.
16,17,18,18а- шағын аудандарда мектеп, бала бақша салу мәселесін шешуге жұмыстану.
Адамдар көп шоғырланатын, балалар мектепке баратын және жаяу жүргінші ағыны жоғары болып табылатын 12 реттелмеген жаяу жүргінші өткелдерін бағдаршаммен реттеуді аяқтау.
Ақтау қаласы көлеміндегі барлық реттелмеген жаяу жүргінші өткелдерін қосымша жарықтандыру.
Ақтау қаласында 2 жер үсті жаяу жүргінші өткелін салу:.
• 22 ш/а Орталық базар маңында.
• «Дина» гипермаркеті-30 шағын аудан «Інжу» ТҮК арасы.
Бес реттелмеген жол қиылыстарына бағдаршам нысандарын орнату:
• Жол қиылыстарындағы ескі үлгідегі бағдаршам объектілерін жаңа типті (Г-секілді консольға бекітілген) бағдаршам объектілеріне өзгерту және қосымша бұрылу бағдаршамын орнатуды аяқтау
Көше-жол тораптарын кеңейту, жаңғырту және автотұрақ орындарын арттыру.
Такси жүргізушілері үшін арнайы тұрақ орындарын немесе жолақтарды бөлу мәселесін шешу:
Мен жоғарыда аталған барлық мәселелердің ,
ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ,
ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ,
ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ,
АЗАМАТТАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САНАТЫН ҚОЛДАУ,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ бойынша Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы бойынша және өзіме дауыс беретін шағын аудандарымның барлық мәселесін, өзім білетін бағытта жоспарлы түрде шешуге, облыс, қала әкімшілігімен бірге жұмыс жасайтын боламын.
Халық игілігі үшін жасалатын әр жұмыстың жоспарлы түрде орындау үшін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы болуға және оның ауқымын Маңғыстау облысында төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен бірлігін нығайтуға жұмыстанатын боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен өзімнің туған жерім Маңғыстаудың, Ақтау қаласы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын, арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірігіп, барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Сіздер үшін адал қызмет етуге, білімім де, күшім де жетеді!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау, мен үшін ең маңызды міндет!
Киікбай Жақыпұлының сайлау қорының қаражатынан төленді