Құрметті ағайын!
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы – әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыру бойынша нақты істер бағдарламасы, яғни біздің партияның да, өзімнің де сайлауалды бағдарламасы әр тұрғынның пікірі мен мазалап жүрген мәселесіне бағытталып жазылды.
Сайлауалды уәделерді орындау нәтижесінде инфрақұрылым, тұрғын үй және жол су,жылу өзекті мәселелері шешіледі, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады, жаңа мектептер салынады.
Жайлы тұрғын үй, қолжетімді және сапалы ауыз су, тұрақты жылу және энергиямен қамтамасыз ету, таза ауа, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі, қалдықтарды сапалы шығару, интернетке және байланысқа қолжетімділік.
Әр адам лайықты білім алуға және қол жетімді медицинаға, жеке өмірін қорғауға, жайлы әлеуметтік орта мен баспанаға құқылы. Тұрғылықты жеріне қарамастан, біздің азаматтар сапалы білім және уақтылы медициналық көмек алуы тиіс.
«АМАNАТ» партиясы облыс орталығынан бастап, ең алыс ауылға дейін өңіріміздегі әрбір елді мекенде лайықты өмір сүруге бар күш-жігерін салады.
ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ , ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ, АЗАМАТТАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САНАТЫН ҚОЛДАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ
бойынша Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы бойынша барлық мәселесін, жоспарлы түрде шешуге, өзімнің фракциясында сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін, облыс, қала әкімшілігімен бірге жұмыс жасайтын боламын.
Біздің мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру арқылы біз өңіріміздің дамуына және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізетін боламыз. Бізге сайлаудың ашықтық, адал күрес және бәсекелестік жағдайында өтуі маңызды.
Маған, «АМАNАТ» партиясына дауыс бере алатын 12,13,16,17,18а-шағын аудан тұрғындары!
Алдағы сайлауда әр тұрғынды белсенді болуға шақырамын.
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау, мен үшін ең маңызды міндет!
К. Жақыпұлының сайлау қорының қаражатынан төленді