
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Қарақия ауданы әкімдігінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптарын түсіндіру бағыттары бойынша арнайы жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында қызметкерлер спикерге сауалдарын жолдап, өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар Е. Сарымбетов Қарақия аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Кездесу барысында орталықтың атқарған жұмыстарымен танысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Іс-сапар соңында Еркебұлан Әділбайұлы Қарақия аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.