Ыбықты сайда жас жігіттің жартасқа жазу жазып жатқан сәтін туристер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан жігіттің бұрағышты балғамен ұрып, жартасты ойып жатқанын байқауға болады.
«Тристерді Ыбықты сайға әкелгенбіз. Бірақ мында бұзақылар жартасқа өз атын жазып әлек. Масқара», - дейді видео авторы.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұзақының жеке басы анықталып жатқанын хабарлады. Полицейлер оны жауапкершілікке тартпақ.