Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларының ұжымдарынан он отбасы эсфтафетаға қатысып, жүгіру, арқан тартыс, арқанмен секіру және дартс көмегімен әуе шарларын ату бойынша жарысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ұйымдастырушылар отбасы мүшелерінің жеңіске ұмтылысын жоғары бағалады.
"Біздің қызметкерлер эстафета туралы жаңалықты қуанышпен қабылдады. Кешкілік отбасылар жиналып, ашық стадиондарда жаттықты. Бір айдан астам уақыт дайындалды. Тіптен достасып кетті. Жеңімпаздарға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табыстаймыз, - дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Азат Шабиков.
Ата-аналар мен балалар өз ептілігін, жылдамдығын, дәлдігін, күші мен тапқырлығын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылардың жасы әр түрлі болды. Ең кішкентай спортшы 4 жаста, ал ең ересек ойыншы 50 жастан асқан.
"Ең маңызды сыйлық менің ойымша, бұл отбасымен бірге өткерген бақытты сәт. Біз мұндай эстафеталарды дәстүрлі түрде өткізуді көздеп отырмыз. 1 маусым- балаларды қорғау күніне орай ұқсас іс-шара өткізуді жоспарладық, - дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №43 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Набира Бисекова.