Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Маңғыстау облысына ресми сапары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сапарға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан-Неміс университетінің президенті Волрад Роммель, Yessenov University президенті Берік Ахметов қатысуда.
Тараптар Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (Yessenov University) және Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) бірлескен бастамасымен Ақтау қаласында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының ашылу салтанатына қатысып, жаңа институт ғимараты бой көтеретін орынға ескерткіш капсула салады.