Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
27 қарашада КВИ-ден емделіп жатқандары саны еліміз бойынша 990 адамға жеткен. Оның ішінде 131 нақас стационарға жатқызылса, 859 адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
Қазіргі уақытта КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды. Одан бөлек 2 науқастың жағдайы өте күрделі. Сонымен бірге, 1 адамға тыныс алу аппараты қосылған.