
Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева 18 және 19 "а" шағынаудандарда салынып жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бұл мектептер Ақтау қаласындағы үш ауысымдағы және орын тапшылығы бар мектептерді азайтуға септігін тигізбек.
«Осыған байланысты қалалық білім бөліміне білім ошақтарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бағытында бірқатар тапсырмалар берілді: пән кабинеттерінің орналасу схемасын жасақтау, мектептердің іске қосылуы қарсаңында қабылданатын оқушылардың тізімін анықтау, педагогтерді қабылдау бойынша конкурстар жариялау, білім беру қызметіне лицензияны уақытылы алу мақсатындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру және т.б», - деп жазылған хабарламада.