Кернеу қалыпты 220 вольтта берілу қажет болса да, 116 вольтқа дейін жиі түседі. Ақтаулықтар электр қуатының кернеуі тұрақсыз болғандықтан үйдегі техниканың жиі бұзылып жатқанын айтып, шағымдана бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Менің пәтерімде кернеуді бақылау релесі бар. Кернеу көзінің минимумын 180 вольтқа дейін етіп қойдық, бірақ өзгерістер басталған кезде пәтер ішінде жарық бір өшіп, бір қосылды. Кернеудің үнемі төмендеуіне байланысты жарық жыпылықтай бастады. Жауаптылар минимумды төмендетті, қазір 150 Вольтқа жетті, бірақ бұдан әрі түсіреу керек. Қанша азайтса да – жарық әлі де жиі өшеді. Кейде кернеу 120-116 вольтқа дейін төмендейді. Бұл тіпті миға қонымсыз жағдай ғой. Құрметті мамандар, бұл мазақ қашанға денін созылмақ? Мен өз техникам үшін алаңдамаймын. Бірақ жақында танысымның тоңазытқышы мен кір жуғыш машинасы бұзылып қалды. Біз қызмет үшін ақы төлейміз, сондықтан 220 вольтты толық, жоқ дегенде 10% артық-кем алуға құқылымыз, бірақ 116 вольтты емес!"- деп шағымданды Ақтау қаласының тұрғындарының бірі.
Редакция осы шағымға қатысты АЭЖБ-дан түсініктеме күтуде.