1979 жылы туған ер адам кеше, 20 желтоқсанда қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресті, бірақ құтқару мүмкін болмады. Ер адам реанимация бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсан күні таңертең моншада өрт болып, ер адам зардап шекті. Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, 17 шағын ауданда орналасқан №34 бес қабатты әкімшілік ғимаратында ("Loto Club") өрт болғаны жөнінде сағат 03:55-те шақыру түскен.