Жәбірленуші стационарлық ем алып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Оң аяғының ашық сынуына байланысты зардап шегушіге металлосинтез операциясы жасалды. Сүйек сынықтарын біріктіру аяқтың берік бекітілуін қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауына алынған, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, 11 мамырда Ақтауда "Татьяна" ПИК қызметкерлері 9 шағын ауданда орналасқан 4-ші үйдің кіреберісіндегі күнқағар бетонды бөлшектеген еді. Жұмыс барысында бетон күнқағардың құлауының нәтижесінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы екі адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.