Оқиға 22-шағынаудандағы жекеменшік балабақша ғимаратында орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
«15 қараша күні сағат 08:10-да 22-шағынауданда орналасқан балабақша ғимаратынан түтін шығып жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Жертөледе қысқа толқынды пеш жанып кеткен. 8:29-да жану тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. 4 өрт сөндіру техникасы мен 20 жеке құрам қызметкері жұымылдырылды»,-деп хабарлайды облыстық ТЖД.