Ақтауда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушының бейнежазбасы тарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға №2-қоғамдық көлікте болған. Бейнежазбадан жолаушының кондукторға күш бермей, жүргізушіге соққы ала жүгіргені байқалады. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыдан нақақ таяқ жеп, артынша медициналық көмекке жүгінген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені қабылданды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді», - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.