
Ақтау қаласында биылғы жодың сегіз айында жедел басқару орталығының “102” пультіне барлығы 168 872 хабарлама келіп түскен. Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы бойынша үздіксіз жұмыс жасап тұрған мобильді қосымшасы арқылы 94 фото, аудио, бейне сипаттағы хабарламалар қабылданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Сондай-ақ ПБ жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейнебақылау камераларының көмегі арқылы қала аумағында орын алған 139 қылмыс ашылып, 18 777 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша 1282 дерек тіркеліп, әкімшілік кодекстің 440-бабымен 1259 тұлға жауапқа тартылды.
Жол тәртібін бұзған 12 519 азаматқа жасаған құқық бұзушылықтарына сай әкімшілік хаттамалар жасақталды.