1-2 қараша күні Ақтау қалалық білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығында жаратылыстану-математикалық бағытта сабақ беретін мұғалімдердің арасында облыстық олимпиада өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға 39 математика, физика, химия, биология, география пәнінің мұғалімдері қатысты. Педагогтер портфолио, бейне сабақ және 5 олимпиадалық тапсырма бөлімдері бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен математика пәні мұғалімі Нұржігіт Нұрболат, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп- гимназиясы химия пәнінің мұғалімі Райхан Шарауова, Ақтау қаласындағы №11 лицей биология пәнінің мұғалімі Қалжан Давишева, Мұнайлы ауданындағы Қызыл төбе лицейі география пәнінің мұғалімі Орал Таджибаева үздік деп танылды.
ІІ орын Жаңаөзен қаласы, №19 мектептің математика пәні мұғалімі Жалғасбай Орынбасаровқа, Ақтау қаласы, №17 мектеп математика пәні мұғалімі Әлібек Ураков пен Ақтау қаласындағы №30 мектептің физика пәнінің мұғалімі Әлібек Бакаевқа бұйырды. Сондай-ақ тізімде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Арухан Өсербаева мен Түпқараған ауданы, С.Шапағатов ауылындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Шолпан Ерсайынова да бар.
Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылының математика пәнінің мұғалімі Баршагүл Мүлікбаева, оның Мұнайлы ауданындағы әріптесі Ермек Қоңырбаев және Жаңаөзен қаласындағы №11 мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақтылы Сүйіновалар өздерін жақсы көрсетіп, үшінші орын иеленді. Сондай-ақ №7 мектептің физика пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрқожаев, Мұнайлы ауданындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі Азиза Елжанова, Ақтау қаласындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі Үміт Жайлыбаева да жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ бұл орын облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Бақтыгүл Мырзабекова мен Маңғыстау облысынан келген география пәнінің мұғалімі Құралай Даулыхановаға бұйырды.
«Үздік сабақ» номинациясы әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Айғаным Жолбаеваға, Бейнеу ауданынан физика пәнінің мұғалімі Бибігүл Достілеуоваға, Қарақия ауданынан химия пәнінің мұғалімі Жанна Қапуоваға берілді. Сол тізімде Қарақия ауданынан келген биология пәнінің мұғалімі Самал Жақсығұлова мен Ақтау қаласындағы No21 мектептің география пәнінің мұғалімі Айнұр Темірханова да бар.