Маңғыстауда суға батып кетушілер саны артқан. Биыл 12 адам суға кетіп ажал құшты. Оның бесеуі жасөспірім, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өткен жылы суға түсу кезеңінде 9 адам суға батып кеткен, оның ішінде біреуі жасөспірім.
«Суға батудың 12 фактісінің 2-еуі– тыйым салынған, 8-і – шомылуға жабдықталмаған және 2-еуі шомылуға рұқсат етілген жерлерде орын алды,» деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жаз мезгілінде құтқарушылар судан 64 адамды құтқарған, оның 20-сы – кәмелетке толмағандар.
Ресми түрде суға түсу маусымы аяқталғанымен, облыста күн жылы болғандықтан қыркүйек айында да суға түсетіндер көп. Сондықтан жабдықталмаған және суға түсуге тыйым салынған жерлерде қауіпсіздік бекеттері жұмыс істеп тұр.