Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтау қалалық сотының 07.10.2022 жылғы үкімін қала прокурорының апелляциялық өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл іс мысықтың басына секірген адамға қатысты қайта қаралады.
"Бастапқыда сотталушы Д. - ға қатысты жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша оның мертігуіне әкеп соққан қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалды (ҚК-нің 316-бабының 1-бөлігі). Сот үкімімен Д. көрсетілген бап бойынша қоғамдық жұмыстарға 60 сағатқа тарту түрінде жаза тағайындаумен сотталды",-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Прокурор сот үкіміне апелляциялық өтініш берді, онда ол Д. - ға қатысты сот үкімінің күшін жоюды және қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін прокурорға қайтаруды сұрады.
Апелляциялық сатыдағы сотқа прокурор жаңа дәлелдемелер берді. Ондағы бейнежазбада Д. адамдардың жанында мысыққа секіріп, қатыгездікпен қараған.
Бұл әрекет мысықтың өліміне әкелді.
"Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Д. қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі жойылды, қала прокурорының апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылды, іс сотқа дейінгі тергеп - тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға қайтарылды", - деп хабарлады сотта.