Ақтау қаласында қарттар үйінде «Біз адамдар біргеміз» қорының демеушілігімен «Шығармашылық және спорт» бөлмесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған кабинетте веложаттығу, шахмат үстелі, нарды мен дойбы, тігін машинасы, теннис үстелі, сурет салатын жабдықтар және тоқыма құралдары бар.
«Ақтау қаласының тұрғындарына кабинетті ашуға көмек қолын созғаны үшін алғыс айтамыз. Игілікті шараға ат салысқаны үшін көп рахмет!», - деді қор жетекшісі Иманғазы Досмұхамбетов.