Ақтау қаласында бес жаңа модульдік дәретхана орнатылды. Қазіргі таңда қоғамдық дәретханаларды орталық инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәретханаларды орталық инженерлік желілерге қосу жұмыстары аяқталған соң қолданысқа берілмек. Қоғамдық модульдік дәретханалар 15 шағын аудандағы «Самал» маңындағы теңіз жағалауында, 14 шағын аудандағы теңіз жағалауы, 12 шағын аудандағы ту тұғыры маңында, «Приморский» елді мекендегі теңіз жағалауы және 7а шағын ауданындағы теңіз жағалауында орнатылды.
- Модульдік әжетханалар жоспар бойынша орнатылуда. Негізінен тұрғындардың сұранысы бойынша адам көп жүретін жерлерге қойылуда. Жоба бюджет қаражаты есебінен жасалып жатыр. Инженерлік желілерге қосылып, жұмыстар аяқталған соң, халық игілігіне қолданысқа беріледі,- деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары.