Ақтауда осыдан үш апта бұрын жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның туыстары оның үйіне тезірек оралуын сұрайды. Жасөспірімнің анасы оның 22 күннен бері байланысқа шықпағанын, туыстары оған қатты алаңдап отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Настяның анасының айтуынша, бұрын оның қызы бұлай көп уақыт бойы жоғалып кетпеген. Бір жаққа кетсе туыстары уайымдамасын деп, ол әрқашан бәрі жақсы екенін айтып отырған. Жасөспірімді Маңғыстау облысындағы достары, таныстары, туыстары және полицейлер іздеп жатыр.
"Көрсеңіз, өтінемін, біз оны үйде асыға күтіп отырғанымызды айтыңыздаршы. Әкесінің орнын басқан өгей әкесі, әпкесі - бәрі. Біз қатты уайымдап жатырмыз. Қандай қиындықтар болса да, біз бәріміз бірге шешеміз, қиындықта қалдырмаймыз», - деді қыздың анасы.
16 жастағы Анастасия Пенская 1 ақпанда жоғалып кетті. Түнгі сағат 01:40 шамасында ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен.
Жоғалған күні қыздың үстінде қара күрте, қара леггинсы және ақ-қара түсті кроссовка болған.
Белгілері: шашы қысқа, қара, бойы - 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар. Хабар-ошарсыз кеткен адамның жүрген жері туралы мәлімет білетіндер мына телефондарға хабарласулары сұралады: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53- 18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102.