
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сотта анықталғандай, 29 наурыз 2024 жылы мекеме қызметкерлерімен арнайы мекемеде ұсталып отырған тергеудегі жұбайына келген азамат Н.-нің сәлемдемесін тексеру кезінде тыйым салынған заттарды, атап айтқанда пальто жағасына тігілген 5 000 теңге мөлшеріндегі ақша табылып, тәркіленген.
Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 36 920 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - деп жазылған соттың хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген.